Ауған соғысының ардагерлері ерлік сабағында болашақ полицейлермен кездесті
Ауған соғысының ардагерлері ерлік сабағында болашақ полицейлермен кездесті, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Солтүстік Қазақстан облысының полиция департаментінде кеңес әскерлерінің Ауғанстаннан шығарылуының 36 жылдығына арналған ерлік сабағы өтті. Жылдам қимылдайтын арнайы жасақтың жас полицейлері, курсанттар, осындай кездесуге алғаш қатысқан Петропавлдағы IT-мектеп-лицейдің "Жас сақшы" сыныбының оқушылары соғыс ардагерлерімен кездесті.
Жастық шағында ауған соғысының қатал сынақтарынан өткен отставкадағы полиция офицерлері іс-шараның қонақтары болды. Қызыл жұлдыз орденінің кавалері, отставкадағы полиция подполковнигі Давыд Шнайдер, "Жауынгерлік еңбегі үшін" медалімен марапатталған отставкадағы полиция полковнигі Жайнақ Тұртаев және "Жауынгер- интернационалистке" медалінің иегері, отставкадағы полиция аға лейтенанты Василий Голенко қызмет туралы естеліктерімен, жауынгерлік бауырластық және әскерден кейінгі полициядағы күндерімен бөлісті.
Ардагерлер Ауғанстандағы қызметі туралы, соқтығысқан қиындықтары мен соғыста қаза болған жолдастары туралы айтты. Бұл әңгімелер ересектерді де, жасөспірімдерді де бей-жай қалдырмады. Қаза болғандардың құрметіне жағылған майшамдар мен бір минут үнсіздік, сондай-ақ сол соғысты толығырақ ашатын бейнематериалдар жас жүректерге терең әсер етті. Айта кету қажет, ерлік сабағының сценарийін мұқият әзірлеген СҚО ПД музейінің қызметкерлері.
Жас тындаушылар соғыс кезеңінің заңдарына, тәртібіне, қызметке қатысты сұрақтарын қойды. Жастардың кездесуден түйгені – ауызбіршілік, татулық, бірлік. Ардагерлер де өз кезегінде жолдастық өзара көмектің маңыздылығына тоқталды.
Кездесуден кейін оқушылар курсанттармен әңгімелесті, олар ІІМ жоғары оқу орындарына түсу және оқудағы тәжірибелерімен бөлісті. Оқушылардың көбісі қазірдің өзінде полицияда қызмет етуді армандайды және өзінің өмірін заң мен тәртіпті қорғауға арнаған полицейлер мен ардагерлердің ақыл-кеңестерін бойларына сіңіруге тырысады.