Алматы облысында алаяқ қайтыс болған баланың еміне ақша жинаған
Алматы облысында алаяқ қайтыс болған баланың еміне ақша жинаған, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Арнайы операция аясында қылмыстық схемаларға қатысы бар күдіктілер ұсталды.
Бірінші жағдайда Қонаев қаласының 31 жастағы тұрғыны азаматтардың сеніміне кіріп, заңсыз түрде қаржылық пайда тапқан. Сондай-ақ оның тағы бір өрескел іске қатысы бар екені анықталды – балаға емге қаражат жинау сылтауымен адамдарды алдаған.
Екінші жағдайда 26 жастағы ер адам өзін жүк тасымалдаушы ретінде таныстырып, тауарды жеткіземін деген уәдемен 180 мың теңгені иемденіп кеткен.
Видео • YouTube
– Барлық фактілер бойынша қылмыстық істер қозғалып, тергеу амалдары жүргізілуде. Құқық қорғаушылар күдіктілердің басқа алаяқтық әрекеттерге қатыстылығын тексеруде. “ANTI-FRAUD” операциясы жалғасуда, ал полиция азаматтарды сақтық танытып, алаяқтық схемалары туралы хабарлап отыруға шақырады, – деп мәлімдеді киберполиция қызметкерлері.