ҚАЖД қызметкерлері мектеп бітірушілерді Қостанай академиясына оқуға түсуге шақырды
Алматы қаласы бойынша ҚАЖД №11 мекемесінің қызметкерлері Алматы облысы Іле ауданы Жібек жолы ауылындағы және Екпінді ауылындағы орта мектептердің 11-сынып оқушыларымен кездесу өткізді, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Кездесуде мекеме бастығының орынбасары Марат Махамбетов, кадр тобының инспекторы Құдайберген Саят және аға инспектор Шарапат Болатова оқушыларға ІІМ Ш.Қабылбаев атындағы Қостанай академиясына оқуға түсу мүмкіндігі туралы түсіндірді.
Биыл мектеп бітіретін түлектердің мамандық таңдауларына бағыт беріліп, аталған академияның оқу үрдісі мен тарихы, оны бітірген соң қылмыстық-атқару жүйесінде жұмыс істеудің артықшылықтары туралы толық ақпарат берілді.
Кездесу соңында оқушылар өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, мамандар тарапынан толық жауап алды. Мұндай мамандық таңдауға бағдар беру мақсатындағы жұмыстар —оқушылардың болашақта құқық қорғау саласын таңдауларына маңызды қадам. Алматы қаласы бойынша ҚАЖД бұл бағыттағы жұмыстарды әлі де жалғастырады.