Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Ақтөбеде алкоголь өнімдерін заңсыз сатқан 34 кәсіпкер жауапқа тартылды

Ақтөбеде алкоголь өнімдерін заңсыз сатқан 34 кәсіпкер жауапқа тартылды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Ақтөбеде учаскелік полиция инспекторлары мас күйінде жасалатын қылмыстардың алдын алу мақсатында 17-23 ақпан аралығында жүргізген рейдтік шаралар барысында алкоголь өнімдерін заңсыз сатқан 34 кәсіпкерді әкімшілік жауапкершілікке тартты. Олардың үшеуі ойын-сауық мекемелерінің, төртеуі алкомаркеттің,  27-сі дүкеннің иелері. 

Алкоголь өнімін өткізу жөніндегі Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарын бұзудың 31 фактісі (ҚР ӘҚБтК -нін 200-бабы) анықталды. Мысалы, қаладағы түнгі клубтардың бірінде 21 жасқа толмаған тұлғаға сыра сатқаны үшін иесіне айыппұл салынды. 

https://youtube.com/shorts/oE5x7VUiuA4?si=-YCzBIcPODm3-4r8

Сондай-ақ полицейлер алкогольді тиісті рұқсатсыз немесе лицензиясыз сатудың 12 фактісінің (ҚР ӘҚБтК-нің 463-бабы) жолын кесті. 

Аталған әкімшілік материалдар бойынша 1300-ден астам бөтелке (арақ, сыра, шарап және т.б.) тәркіленді. Бұл бағыттағы жұмыстар жалғасуда.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру