Балаларды тасымалдауға қойылатын талаптарды бұзған павлодарлық жүргізушілер жауапқа тартылды
Павлодарда жыл басынан бері балаларды тасымалдауға қойылатын талаптарды бұзған 77 жүргізуші жауапкершілікке тартылды, - деп хабарлайды Polisia.kz.
Павлодар қаласының полицейлері жүргізуші-ата-аналардың назарын автомобиль салонында балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ететін қауіпсіздік белдіктері мен балаларға арналған ұстап тұратын құрылғыларды қолдану қажеттілігіне аударуда. Бұл талап тек қыңырлық емес, балалардың қауіпсіздігіне кепілдік беретін маңызды шара екенін түсіну қажет.
Демалыс күндері үйден мектепке бару немесе балалармен қала сыртына шығу қашықтығына қарамастан, көлік ішіндегі баланың қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін барлық сақтық шаралары қабылдануы тиіс. Такси қызметін пайдаланатын ата-аналар тасымалдаушы компанияны таңдағанда, баланың қауіпсіздігіне қажетті талаптардың орындалуын алдын ала тексеріп, оның қамтамасыз етілетініне сенімді болуы керек.
Сонымен қатар полицейлер балаларды көліктің алдыңғы орындықтарына отырғызуға қатаң тыйым салынатынын ескертеді. Себебі, кенеттен тоқтау кезінде бала соққының барлық ауырлығын өзіне алуы мүмкін.
Жыл басынан бері балаларды тасымалдауға қойылатын талаптарды бұзғаны үшін 77 жүргізуші 5 АЕК мөлшерінде айыппұлмен жауапкершілікке тартылды.
"Заң және тәртіп" қағидатын басшылыққа ала отырып, тәртіп сақшылары жүргізушілерге балаларды көлікте тасымалдаудың белгіленген ережелерін сақтауды кеңес береді. Бұл ережелер жол-көлік оқиғасы кезінде кішкентай жолаушылардың өмірі мен денсаулығын қорғауға маңызды рөл атқарады.