Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Астанада полиция студенттермен дөңгелек үстел өткізді

Астанада полиция студенттермен дөңгелек үстел өткізді, — деп хабарлайды Polisia.kz.

Қазіргі таңда интернет-алаяқтықтың белең алуына байланысты оның алдын алу және азаматтардың киберқауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында елордалық сақшылар бірқатар іс-шаралар атқаруда. Осыған орай, Астана қаласы полиция департаменті кибер қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері Евразия гуманитарлық колледжінде студенттерге арналған дөңгелек үстел ұйымдастырды.

Іс-шара барысында полиция өкілдері интернет алаяқтықтың кең таралған түрлері, олардан сақтану жолдары және жеке деректерді қорғаудың маңыздылығы туралы баяндады. Студенттерге қаржылық алаяқтық, жалған интернет-дүкендер, әлеуметтік инженерия және басқа да киберқауіптер туралы нақты мысалдар келтіріліп, практикалық кеңестер берілді. Дөңгелек үстелде психолог интернет-алаяқтығының психологиялық аспектілеріне тоқталды. 

Полиция қызметкерлері интернетте сақ болудың негізгі қағидаларын түсіндіріп, күмәнді хабарламалар мен сілтемелерге жауап бермеуді, жеке мәліметтерді ешкімге жария етпеуді және алаяқтық әрекеттерге тап болған жағдайда құқық қорғау органдарына жедел хабарласу қажеттігін атап өтті.

Евразия гуманитарлық колледжінің әкімшілігі мұндай іс-шаралардың маңыздылығын ерекше атап өтіп, жастардың цифрлық сауаттылығын арттыру мақсатында осындай кездесулерді тұрақты түрде өткізуге ниетті екенін білдірді.

Бұл бастама қоғамда құқықтық мәдениетті қалыптастыруға және азаматтардың интернеттегі қауіпсіздігін нығайтуға бағытталған маңызды қадам.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру