Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Шымкентте бопсалаумен айналысқан жастар ұсталды

Шымкентте бопсалаумен айналысқан жастар ұсталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Полиция өңірде “Заң мен Тәртіп” қағидатын қамтамасыз етуге бағытталған жедел іс-шаралар барысында ҰҚКД-мен бірлесіп прокуратураның үйлестіруімен маргиналды жастардың қылмыстық әрекетін тоқтатты. Үш ер адам мен бір қыздан тұратын топ екі 19 жастағы тұрғынды күш қолданумен қорқытып, 3000 АҚШ долларын бопсалаған. Бірнеше мекенжайда тінту жүргізу нәтижесінде тәртіп сақшылары заңсыз әрекеттердің маңызды дәлелі болып табылатын көптеген айғақты заттарды анықтады. Атыс қарулары мен суық қару, өзге автокөліктердің құжаттары, телефондар және есірткі тәркіленді.

Тергеу барысында топтың басқа да мүшелері анықталды. Олардың екеуі бұзақылық қылмысы бойынша, біреуі – заңсыз қару сақтағаны, тағы біреуі есірткі қылмысы бойынша күдіктілер.

Ұсталғандардың барлығы полиция департаментінің уақытша ұстау изоляторында қамауда.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру