Полиция мопед жүргізушілеріне куәлік алу жолдарын айтты
Полиция мопед жүргізушілеріне жүргізуші куәлігін қалай алуға болатынын айтты, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Алматы қаласы ПД әкімшілік полиция басқармасының Процессинг Орталығы хабарлағандай, «А1» санатындағы жүргізуші куәлігін алу үшін азаматтар Алматы қаласы, Саялы шағын ауданы, Аққайнар көшесі 1-дегі №1 және Алматы қаласы, Кемел шағын ауданы Ақсуат 18-дегі № 6 мамандандырылған ХҚКО-на хабарласа алады.
«А1» санатындағы жүргізуші куәлігін беру білім беру ұйымдарында оқуды аяқтағаннан кейін және Алматы қаласындағы көрсетілген Мамандандырылған қызмет көрсету орталықтарында жол қозғалысы ережелері бойынша теориялық және практикалық емтихандарды тапсырғаннан кейін жүзеге асырылады.
Алматыда «А1» санатындағы жүргізуші куәлігін алу үшін жол қозғалысы ережелері бойынша тәжірибелік емтихан Алматы қаласындағы №1 Мамандандырылған ХҚКО-да және №6 Мамандандырылған ХҚКО-да (мекенжайлары жоғарыда көрсетілген) өтеді.
Алматыда тәжірибелік емтихан тек көрсетілген Мамандандырылған қызмет көрсету орталықтарының автодромдарында Стелс Скиф 50 және JiLang мотокөліктермен өткізіледі.
Осы жылдың 5 сәуірінен кейін уәкілетті органда тіркеуден өтпеген және «А1» санатындағы жүргізуші куәлігі жоқ мопед жүргізушілері ҚР ӘҚБтК-нің 590-бабының 2-бөлігі, 590-бабының 2-1-бөлігі, 612-бабы және 797-бабы бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылады.