Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Өскеменде “Жас сақшы” кадет сыныптары ашылды

Өскеменде “Жас сақшы” кадет сыныптары ашылды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Ы. Алтынсарин атындағы №39 орта мектебінде  “Жас сақшы” кадет сыныптарының ашылу салтанаты өтті. Бұл маңызды шара өз қызметтік міндеттерін орындау кезінде қаза тапқан полиция қызметкерлерін еске алу мақсатында ұйымдастырылды.

Жаңа кадет сыныптарына  7-сыныпқа Т. Нұрғалиевтің, ал 9-сыныпқа Т. Сүбебаевтың есімдері берілді. Алдағы оқу жылында 19 жетінші сынып және 11 тоғызыншы сынып оқушылары арнайы бағдарлама бойынша білім алып, болашақта құқық қорғау саласында қызмет етуге алғашқы қадамдарын жасайды.

Бұл жоба жас ұрпақтың патриоттық рухын тәрбиелеуге, елге қызмет етуге деген ұмтылысты арттыруға бағытталған. 

Кадеттер әскери және құқық қорғау саласын меңгеріп, тәртіп пен жауапкершілікті үйрене отырып, еліміздің болашағына өз үлесін қосатын болады.

 “Жас сақшы” кадеттеріміз болашақта еліміздің абыройын асқақтатып, адал қызметпен ел сенімін ақтайтын азаматтар болады деп сенеміз!

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру