Биыл Алматыда ҚАЖД қызметкерлері оқушылармен 120-дан астам кездесу өткізді
Биыл Алматыда ҚАЖД қызметкерлері оқушыларға кәсіби бағдар беру мақсатында 120-дан астам кездесу өткізді, — деп хабарлайды Polisia.kz.
Қылмыстық-атқару жүйесі үшін білікті кадр даярлау аталған жүйені уақыт талабына сай дамытудың алғышарты. Бүгінде өзіндік ерекшелігі күрделі жүйені кадрмен қамтамасыз етудің маңызы зор. Осы салаға келіп, абыроймен қызмет өткеріп, қазір зейнеткерлікке шығып жатқан мамандардың орнын толықтыру мақсатында Алматы қаласы бойынша ҚАЖ департаментінің қызметкерлері биыл жалпы білім беретін мектеп түлектеріне кәсіби бағдар беру мақсатында мектеп оқушыларымен 120-дан астам кездесу өткізді.
Кездесу барысында олар қылмыстық-атқару жүйесі үшін кадр даярлайтын еліміздегі жалғыз оқу орны Шырақбек Қабылбаев атындағы Қостанай академиясына түсудің талаптарын түсіндірді. Сонымен қатар кадр қызметкерлері қылмыстық-атқару саласында қызмет өткерудің артықшылықтары туралы да кеңінен насихаттады. Мысалы ішкі істер органдарындағы қызметкерлерге көрсетіліп отырған қамқорлықтың бірі – пәтер жалдап тұратын қызметкерлерге жалақыдан басқа қомақты ақша төленетіні, қызметкерлердің зейнеткерлікке ерте шығатыны және баспана алу жеңілдіктері сияқты ақпараттар оқушыларды қызықтыра түсті.
Мұндай маңызды кездесулердің қалаға қарасты мекемелерді кадрмен толықтыруға зор ықпал ететіні сөзсіз.