СҚО-да әйел полицейлер арасында “Сақшы арулар” байқауы өткізілді
СҚО-да әйел полицейлер 8 наурыз мерекесіне арналған байқауда өнерлерін көрсетті, — деп хабарлайды Polisia.kz.
8 наурыз қарсаңында Солтүстік Қазақстан облысы полиция департаменті аппаратының әйел қызметкерлері арасында “Сақшы арулар” байқауы өткізілді.
Байқаудың алғашқы кезеңдері спортзал мен тирде өтті. Тергеушілер, криминалистер, кадрлық және әкімшілік блокта қызмет атқаратын қыздар ептілік пен төзімділік, табельдік қарумен жұмыс істей алатындықтарын көрсетті. Бұдан кейін ұлттық костюмдерде дефиле өтті. Сондай-ақ қатысушылар Қазақстанның салт-дәстүрлері бойынша өткен викторинаға қатысты.
Шығармашылық кезеңде офицер қыздар, қамқор әйелдер мен аналар білімдерін, қабілеттерін, құмарлықтарын көрсетті. Біреу ағылшын тілін жетік меңгерсе, енді бірі аспаздық қабілеттерін ортаға салды, кей арулар бос уақытында вокалмен, бисер тігумен айналысса, тағы бірі бояулар мен қылқалам алып, сурет салады екен.
Ендігі кезек білікті қазылар алқасында. Жеңімпаздардың есімдері 8 наурыз мерекесіне арналған салтанатты жиында айтылады.