Ақтөбе облысында полицей арулар спорттық сайыста бақ сынады
Ақтөбе облысында полицей арулар спорттық сайыста бақ сынады, — деп хабарлайды Polisia.kz.
6 наурызда “Динамо” ДШСҚ қолдауымен Ақтөбе облысы полиция департаментінің әйел қызметкерлері арасында "Кроссфит элементтері бар эстафета" өтті. Спорттық жарысқа аппарат басқармаларының құрама командалары, сондай-ақ қалалық және аудандық полиция бөлімдері қатысты. Әр команданың құрамында бес қызметкер болды.
Іс-шараны Ақтөбе облысы полиция департаментінің бастығы Абай Жусупов салтанатты түрде ашты. Ол қатысушыларды құттықтап, қызметкерлер арасында дене шынықтыруды нығайту және командалық рухты арттыру үшін осындай бастамалардың маңыздылығын атап өтті.
Шара барысында Ішкі істер министрі Ержан Саденовтің бұйрығымен қызметтік міндеттерін адал атқарған 8 әйел-қызметкер төсбелгілермен, медаль және грамоталармен марапатталды. Сонымен қатар мереке аясында 5 ІІО ардагері мен 5 жас маманның ата-анасына Алғыс хаттар тапсырылды.
Эстафета бірнеше турдан тұрды, олардың әрқайсысында қатысушылар тек дене дайындығын ғана емес, сонымен қатар кәсіби дағдыларын да көрсетті. Бірінші турға кроссфит элементтері бар 240 метр қашықтық кірді, онда қатысушылар Макаров тапаншасын бөлшектеу және құрастыру, Калашников автоматын оқтау, кісен салу, газқағармен мәреге дейін жүгіру сынды полиция жұмысына тән тапсырмаларды орындады. Екінші турда арулар команда құрамында түрлі жаттығулар жасап жарысса, үшінші турда штанга, гір көтеру, доп лақтыру сияқты қарқынды жаттығулардан өтті.
Нәзік жандылар арасындағы мерекелік спорттық жарыстың қорытындысы бойынша Ақтөбе қаласы полиция басқармасының “Жұлдыз” командасы лайықты түрде бірінші орынды жеңіп алса, екінші орынды ПД Ақпараттандыру және байланыс басқармасының “Профит” командасы иеленді, үшінші орынның тұғырынан ПД Тәрбие және кадр жұмысы басқармасының “Томирис” командасы көрінді.