Абай облысының полицейлері мереке қарсаңында қыз-келіншектерге қуаныш сыйлады
Абай облысының полицейлері мереке қарсаңында қыз-келіншектерге қуаныш сыйлады, — деп хабарлайды Polisia.kz.
8 наурыз – көктемнің ең жарқын әрі жүрекке жылулық сыйлайтын мерекесі. Бұл күні Абай облысының полицейлері қыз-келіншектерге көтеріңкі көңіл-күй сыйлап, ерекше құттықтау ұйымдастырды.
Құқық қорғау органдарының қызметкерлері өз әріптестерін – жауапты, батыл әрі кәсібилігі жоғары әйелдерді құттықтап, олардың қоғамдағы және полиция қызметіндегі баға жетпес рөлін атап өтті. Сонымен қатар тәртіп сақшылары қала көшелеріне шығып, аруларға гүл шоқтарын ұсынып, ізгі тілектерін білдірді.
Әрбір құттықтау шынайы күлкі мен қуаныш сыйлады. Бұл бастама полиция қызметкерлерінің тек құқықтық тәртіпті қорғап қана қоймай, сонымен қатар қоғамда мейірімділік пен құрмет атмосферасын қалыптастыруға ұмтылатынын көрсетті.
Полиция қызметкерлері бұл игі дәстүрді жалғастыруды мақсат етіп, жақсылық пен қуаныш сыйлаудың әрдайым маңызды екенін атап өтті.