Ұлттық ұланның ерлер хоры медициналық қызметтегі әскери қызметшілерді мерекемен құттықтады
Ұлттық ұланның ерлер хоры медициналық қызметтегі әскери қызметшілерді мерекемен құттықтады, – деп хабарлайды Polisia.kz.
ҚР ІІМ Ұлттық ұланының ерлер хоры медициналық қызметтегі әскери қызметшілерді Халықаралық әйелдер күнімен ерекше құттықтады. Олар сахна мен микрофонсыз, бейресми жағдайда әйелдер отырған кабинетке кіріп, "Дарите женщинам цветы" әнін шырқады.
Бұл күтпеген музыкалық сыйлық нәзік жандарға ерекше әсер қалдырды. Құттықтау сәті видеоға түсіріліп, әлеуметтік желілерге жүктелді. Желі қолданушылары әскери қызметшілердің шынайы ықыласын атап өтіп, жылы лебіздерін білдіруде.
Ерлер хорының көркемдік жетекшісі лейтенант Бауыржан Алтынбеков бұл идеяның аяқасты келгенін айтты.
- Біз ерекше, бейресми дүние жасағымыз келді. Бұл жай ғана құттықтау емес, есте қаларлық сәт болғанын қаладық. Ыстық ықыластарға, эмоцияға қарағанда, мақсатымызға жеттік, - деді ол.
Ән орындалғаннан кейін ерлер әйелдерге гүл сыйлап, оларға бақыт, денсаулық және қызметте табыс тіледі.