Қызылорда облысында ТТО объектілерге тексеру жүргізіліп жатыр
Қызылорда облысында ТТО объектілерге тексеру жүргізіліп жатыр, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Қолданыстағы заңнамаға сәйкес полиция террористік тұрғыдан осал 904 нысанды терроризмге қарсы қорғауды қамтамасыз етуге мемлекеттік бақылауды жүзеге асырады. Бұл адамдар көп жиналатын, аса маңызды мемлекеттік, стратегиялық, қауіпті-өндірістік объектілер. Бұлардың көпшілігі білім беру және денсаулық сақтау, мәдениет және спорт сияқты адам көп жиналатын орындар.
ТТО объектілерін тексеру кезінде полиция қызметкерлері объектінің техникалық нығайтылуын, сондай-ақ персоналдың террористік сипаттағы қауіп-қатерлерге ден қою жөніндегі білімі мен дағдыларын тексереді.
Қызылорда облысында жыл басынан бері 37 нысан тексеріліп, оның 10 объектісі талапқа мүлдем сәйкес келмеуіне байланысты ҚР ӘҚБтК-нің 149-бабы бойынша әкімшілік шара көріліп, 7 объектіге кемшіліктерді жою туралы нұсқама берілді. Қалған 20 объекті талаптарға сай келетіні анықталды.
Полиция бұл бағыттағы жұмыста жалғастырады.