Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Нашақорлықпен күрес: Атырау облысында жастар интеллектуалды ойынға қатысты

Атырау облысында жастар нашақорлықтың алдын алуға бағытталған интеллектуалды ойынға қатысты, — деп хабарлайды Polisia.kz.

Атырау облысы ПД есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасы Жастар ресурстық орталығы мен Атырау облысының Ішкі саясат басқармасымен бірлесіп, жасөспірімдер арасында интеллектуалды сайыс түрлерінің бірі болып саналатын Quiz ойынын ұйымдастырды. Мақсаты – жасөспірімдердің құқықтық сауаттылығын арттыру және командалық іс-әрекетке баулу.

Сайысқа бірнеше орта мектептің жоғары сынып оқушыларынан құралған 20 команда бақ сынады. Нәтижесінде, I орынды №50 орта мектептің оқушылары алса, II орынды №36 орта мектептің оқушылары иеленді. Ал, үздіктердің көшін №31 орта мектептің оқушылары тәмамдап, III орынды қанжығасына байлады. Тәртіп сақшысы жеңімпаздарды құттықтап, естелік сыйлықтарын тарту етті.

Сонымен қатар Атырау облысы полиция департаментінің жылдам қимылдайтын арнайы жасақ тобының қызметкерлері қоян-қолтық ұрыстың элементтерін көрсетсе, Кинологиялық қызмет орталығының кинологтары Хан есімді қызметтік иттің есірткі заттарын анықтау жұмысын таныстырды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру