Абай облысында су тасқыны кезеңіне дайындық бойынша тактикалық оқу-жаттығулар өтті
Абай облысында су тасқыны кезеңіне дайындық бойынша тактикалық оқу-жаттығулар өтті, — деп хабарлайды Polisia.kz.
“Көктем — 2025” республикалық командалық-штабтық оқу-жаттығуы аясында Абай облысы Абай ауданының Қарауыл ауылында төтенше жағдайларды жою бойынша мемлекеттік азаматтық қорғау жүйесінің басқару органдарының, күштері мен құралдарының дайындығын тексеруге бағытталған арнайы тактикалық оқу-жаттығу өтті.
Іс-шара барысында құзырлы органдар су тасқыны қаупіне дайындығын бағалап, төтенше жағдайлардың алдын алу және оларды жою бойынша шараларды пысықтады. Алдымен техникалық жабдықтардың толықтығы мен жарамдылығы тексерілді.
Оқу-жаттығу қорытындысы бойынша су тасқыны қаупі төнген жағдайда ведомствоаралық өзара іс-қимылдың жеделдігі мен тиімділігіне, сондай-ақ алдын алу шараларын уақтылы жүргізудің маңыздылығына ерекше назар аударылды.
Мұндай оқу-жаттығулар табиғи апаттарға дайындықтың маңызды бөлігі болып табылады, олардың салдарын барынша азайтуға және халықтың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.