Павлодарда 500 әкімшілік құқық бұзушылықтың жолы кесілді
Павлодарда 500 әкімшілік құқық бұзушылықтың жолы кесілді, - деп хабарлайды Polisia.kz.
Полиция "Құқықтық тәртіп" жедел-профилактикалық іс-шарасы барысында жол жүру ережелерін бұзудың 70 фактісін, қоғамдық орындарда ішімдік ішудің 50 фактісін, ұсақ бұзақылықтың 15 фактісін, сондай-ақ көші-қон заңнамасын бұзған 100-ден астам азаматты анықтап, олардың барлығын әкімшілік жауапкершілікке тартты. Сонымен қатар уақытша бейімдеу және детоксикация орталығына мас күйінде болған 92 адам орналастырылды.
Мысалы Павлодар қаласында Қамзин - Ломов көшелерінің қиылысында Hyundai Accent автокөлігі тоқтатылып, оның жүргізушісі Region driver қосымшасы арқылы жолаушыларды тиісті тіркеусіз тасымалдағаны анықталды.
Патрульдеу барысында, сондай-ақ өз баласына алимент төлеуге 4 миллион теңгеден астам қарызы бар және бұл соманы төлеуден әдейі жалтарған борышкердің орналасқан жері анықталды.
Облыстық полиция ведомствосы құқық қорғау органдарының басты міндеті — қоғамдық тәртіпті сақтап, азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету, олардың құқықтарын қорғау екендігін атап өтті. Полиция азаматтарды қырағы болуға және іс-шараны өткізуге түсіністікпен қарауға шақырды.
"Құқықтық тәртіп" республикалық іс-шарасы 20 наурызға дейін жалғасады.