СҚО-да криминалистер мен курсанттар жаңа жабдықтың көмегімен білімдерін шыңдады
СҚО-да криминалистер мен курсанттар жаңа жабдықтың көмегімен білімдерін шыңдады, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Солтүстік Қазақстан университетінде ерекше сабаққа студенттер, криминалистер және ҚР ІІМ-нің Бәрімбек Бейсенов атындағы Қарағанды академиясының курсанттары қатысты. Олар өздерінің кәсіби білімдерін жоғары технологиялық "Пирогов" интерактивті анатомиялық үстелінің көмегімен жетілдірді.
Бұл оқу бағдарламалық құралы 3D кескіндер арқылы адам анатомиясының барлық ерекшеліктерін зерттеуге мүмкіндік береді. Медицина факультетінің оқытушысы студенттерге адам қаңқасының құрылымын, ішкі ағзалардың, қан айналымы және бұлшықет жүйесінің орналасуын көрсетті, сондай-ақ қаңқаланған сүйектерді зерттеу арқылы жынысы мен жасын анықтау әдістерін түсіндірді.
Сабақ заңгерлік мамандықтар бойынша оқитын студенттер мен алғашқы қызметтік қадамдарын жасап жүрген курсанттарға бағытталғанымен, тәжірибелі криминалистердің де қызығушылығын тудырды.
Практикалық сабақ Солтүстік Қазақстан облысы полиция департаменті мен университет арасындағы ынтымақтастық туралы меморандум аясында ұйымдастырылды. Полиция қызметкерлері мұндай кездесулер оқиға орнын тексеру сапасын жақсартуға оң әсерін тигізетініне сенімді.