Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Полиция павлодарлықтарды үй жануарларын ұстау ережелерін сақтауға шақырды

Полиция павлодарлықтарды үй жануарларын ұстау ережелерін сақтауға шақырды, - деп хабарлайды Polisia.kz.

Қазіргі таңда көптеген отбасыларда төрт аяқты достар бар. Алайда, үй жануарларын ұстаудың заңнамалық аспектілері көбіне ескерілмейді. Өкінішке орай, үй жануарларына қатысты көптеген қақтығыстар көбіне ит иелерінің серуендеу кезіндегі тәртіпсіздіктерінен туындайды. Бұл ретте өтіп бара жатқан адамдардың өз ақиқаты мен ит иелерінің өз дәлелдері болады. Дегенмен заңмен белгіленген ережелер бар және оларды сақтау міндетті.

Мысалы Павлодар қаласының тұрғыны полицияға тұмылдырықсыз үлкен итпен серуендеп жүрген адамға қатысты шаралар қабылдауды сұраған. Ит иесі: "Менің итім әрқашан жуас, мейірімді және зиянсыз, ешкімге зиян тигізбейді", — деп ақталды.

Сонымен қатар қаладағы саябақтарда ережелерге сәйкес келмейтін үй жануарларымен серуендейтін адамдар да кездеседі.

Ит иелері жауапкершілікке тартылып, оларға түсіндірме әңгімелері жүргізілді.

- Ит иелері, сіздердің төрт аяқты достарыңыз бейтаныс адамдарға мейірімді бола бермейтінін ұмытпаңыздар. Сондықтан, өтіп бара жатқан адамдармен және көршілермен жанжалды жағдайларды болдырмау үшін, үй жануарларын ұстау мен серуендеудің қарапайым ережелерін сақтау қажет, — деп ескертті тәртіп сақшылары.

Естеріңізге сала кетейік: егер сіз үй жануарыңызды серуендеп жүрсеңіз, ол қысқа ұстағышта болуы керек, тек арнайы белгіленген орындарда ғана еркін серуендеуге рұқсат етіледі.

Айта кету керек, жыл басынан берң полиция қызметкерлері үй жануарларын ұстау мен серуендету ережелерін бұзған 70-ке жуық ит иесін 10 АЕК мөлшерінде айыппұл салумен жауапқа тартты.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру