Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

СҚО-да учаскелік инспектор қайғылы жағдайдың алдын алды

СҚО-да учаскелік инспектор қайғылы жағдайдың алдын алды, — деп хабарлайды Polisia.kz.

Мамлют ауданында учаскелік полиция инспекторына тұрғындардың дер кезінде қоңырау шалуы қайғылы оқиғаны болдырмауға көмектесті. Ауылдардың бірінің тұрғыны мен оның күйеуінің арасында ащы судың қызуынан жанжал туындаған. Отанасы жанжалдан соң көрші тұратын әйелдің үйіне кеткен. Сәлден соң үйіне келе жатқанда түтінді байқаған. Ол бірден өзінің учаскелік полиция инспекторы Қадырбек Исинге қоңырау шалып, мас күйдегі күйеуінің үйде қалғанын айтқан.

Бұл уақытта Исин 7 шақырым жердегі учаскелік пунктте болған. Ол әйелге өрт сөндірушілер мен жедел жәрдем шақыруды тапсырды, ал өзі дереу жарқылдауық маяктарын қосып оқиға орнына аттанды. Бірінші болып келген полиция қызметкері үй ішіне кірді. Есінен танған 42 жастағы ер адамды көшеге алып шыққан.

Өрт сөндіру тобы өртті ауыздықтады. Өрттің шығуына мас күйде темекі шегу себеп болған. Жедел жәрдем көлігі құтқарылған адамды медициналық мекемеге жеткізді, алғашқы көмек көрсетілгеннен кейін ол үйіне жіберілді. Өзінің қателігін мастығы тарағаннан кейін ғана түсінді.

Ол отбасылық жанжал үшін бір тәулікке қамаққа алынды. Сондай-ақ оған қатысты қорғау нұсқамасы шығарылды. Отбасымен алдын алу жұмыстары жүргізіледі.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру