Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Сарыағашта 200-ге жуық оқушы полиция жұмысымен танысты

Сарыағашта 200-ге жуық оқушы полиция жұмысымен танысты, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Республика көлемінде өтіп жатқан "Жасөспірім" жедел-профилактикалық іс-шарасы аясында Сарыағаш аудандық полиция басқармасының ғимаратында 200-ге жуық мектеп оқушысымен кездесу өтті. Оқушыларға қылмыс пен құқық бұзушылықтарға жол бермеуді мақсат еткен бұл кездесуде түсіндіру жұмыстары кеңінен жүргізілді.

Сонымен қатар "102" телефон желісіне түскен хабарламалардың қабылдануы, тіркелуі және жасақты жіберу тәртібі көрсетіліп, әкімшілік қамаққа алынған құқық бұзушылардың камералары, темір тормен қоршалған серуендеу алаңы көрсетілді. Бөлімдегі тергеуші, анықтаушы, жедел уәкіл, ақпараттық және байланыс тобының инспекторларының атқаратын қызметтері де айтылды.

Сондай-ақ мектеп оқушылармен бірге тәртіп сақшылары жолда жүру ережелері мен қоғамдық орындарда бейтаныс адамдармен қарым-қатынас кезіндегі мінез-құлық қағидаларын талқылады.

Жасөспірімдер арасында жиі кездесетін құқық бұзушылықтар, зорлық-зомбылық, бұзақылық, буллинг, лудомания, нашақорлықтан сақтану жолдары жайлы кеңінен ақпарат беріліп, оларға уақытша ұстау изоляторы мен арнайы-қабылдау орындарын да көрсетілді.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру