Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Алматыда мемлекеттік тіркеу нөмірінсіз жүрген жүргізушілер анықталды

Алматыда мемлекеттік тіркеу нөмірінсіз жүрген жүргізушілер анықталды, — деп хабарлайды Polisia.kz.

Алматыда “Қауіпсіз жол” республикалық жедел алдын алу іс-шарасы аясында полиция қызметкерлері жол қозғалысы ережелерін өрескел бұзу деректерін анықтау жұмыстарын жалғастыруда.

ЖААІШ негізгі мақсаты – жазатайым оқиғаларды азайту, жол-көлік оқиғаларының алдын алу және жолдарда тұрақты мінез-құлық мәдениетін дамыту.

Көлік құралдарын, оның ішінде мопедтерді тіркеуге ерекше назар аударылады. Олардың жартысынан көбі мопед жүргізушілері.

 

Бұл бұзушылықтар қауіпсіздік деңгейіне тікелей әсер етіп, жол қозғалысына қатысушылардың өмірі мен денсаулығына нақты қауіп төндіреді.

“Қауіпсіз жол” жедел-профилактикалық іс-шарасы аясындағы жұмыс тек заң бұзушылықтарды анықтауға және алдын алуға ғана емес, сонымен қатар жол қозғалысы ережелеріне жауапкершілікпен қарауды қалыптастыруға бағытталған.

— Жол қауіпсіздігі – әр қатысушының ортақ жауапкершілігінің нәтижесі. Полиция қызметкерлері көшелерде қайғылы оқиғаларды болдырмау үшін тәулік бойы тәртіп пен қауіпсіздікті қамтамасыз етуде, - деді Алматы қалалық ПД жергілікті полиция қызметі басқармасының бастығы Серік Шумаев.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру