Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Павлодарда облысында ІІО ардагеріне құрмет көрсетілді

Павлодар облысы полиция департаментінің бастамасымен Екібастұз қаласында ішкі істер органдарының ардагері, Павлодар облысының Құрметті азаматы Асқар Сыздықовқа құрмет көрсетілді, - деп хабарлайды Polisia.kz.

Ардагерге құқық қорғау саласындағы көпжылдық еңбегі мен қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге қосқан үлесі үшін "Ішкі істер органдарының ардагері" медалі, алғысхат және естелік сағат табысталды.

Салтанатты шараға Павлодар облысы полиция департаменті бастығының атынан тәрбие және кадр жұмысы басқармасының бастығы Ринат Киреев, Екібастұз қалалық полиция басқармасының бастығы Төлеген Құдайбергенов, сондай-ақ Ардагерлер кеңесінің өкілдері қатысты.

– Ардагерлер – бұл құрметті демалыста жүргенімен, қатардағы қызметкерлермен бір сапта тұрған, тәжірибесімен бөлісіп, жас мамандарды тәрбиелеуге атсалысып жүрген ерекше санат. Олардың өмір жолы мен қызметке деген адалдығы – бүгінгі жас қызметкерлерге үлгі, – деді Төлеген Құдайбергенов.

Асқар Сыздықов ішкі істер органдарындағы қызмет жолын қатардағы старшина шенінен бастап, полиция майоры деңгейіне дейін көтерілді. 25 жылдан астам уақыт бойы орта және аға басшылық құрамда түрлі жауапты қызметтер атқарып, шекті жасқа толған соң құрметті еңбек демалысына шықты. Алайда демалысқа шыққаннан кейін де Екібастұз қаласының кәсіпорындарында еңбек етіп, полиция өміріне белсене араласып келеді. Ол өз тәжірибесімен қазіргі полицейлермен бөлісіп, жас қызметкерлердің кәсіби және рухани дамуына атсалысуда.

Шараға ардагермен талай жыл иық тіресе қызмет атқарған әріптестері арнайы келіп, ақжарма тілектерін арнады. Олар Асқар Құжатұлын шын жүректен құттықтап, мықты денсаулық пен ұзақ ғұмыр тіледі. Өз кезегінде ардагер де көрсетілген құрмет пен ыстық ықылас үшін алғысын жеткізді.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру