Түркістан облысында ПД бастығы азаматтарды жеке қабылдады
Түркістан облысында ПД бастығы жеке қабылдау өткізді, — деп хабарлайды Polisia.kz.
“Заң мен Тәртіп” қағидатын іске асыру, жұртшылықтың арыз-шағымын қарау мақсатында Түркістан облысы полиция департаментінің бастығы Мұрат Қабденов жеке қабылдау өткізді.
Осы аптада тұрғындардың бірқатары қабылдауға арнайы келсе, келесілері онлайн режимде сауалдарын жолдады. Мәселелердің басым көпшілігі тергеу, қылмыстардың ашылуы, әкімшілік істер мен кадр саласына қатысты болды.
Облыстың бас полицейі қабылдауға жазылған әрбір тұрғынды тыңдап, шешімін табу үшін тиісті құрылым басшыларына тапсырма жүктеді. Сондай-ақ полиция басшылығын өздеріне қарасты аудандарда халықтан алғыс алу үшін қызметті қалтқысыз атқаруға шақырды.