ІІМ: Заңсыз айналымнан 13,5 кг синтетикалық есірткі тәркіленді
Ішкі істер министрлігі "Заң және Тәртіп" қағидаты бойынша жұмысты жалғастыруда. Сәуір айында республика бойынша есірткі айналымына қарсы операциялар жүргізілді, - деп хабарлайды Polisia.kz.
- Есірткі сатудың 37 фактісі және синтетиканы сақтаудың 37 дерегі анықталды. Заңсыз айналымнан 13,5 кг синтетика тәркіленді, оның қара нарықтағы құны шамамен 405 млн теңгені құрайды. 29 адам ұсталып, уақытша изоляторына қамалды. Бұл бағыттағы жұмыс жалғасуда, - деді ІІМ есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл комитеті төрағасының міндетін атқарушы Данияр Мейірхан.