Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Ұлттық ұлан әскери қызметшілері СҚО-ның су басқан аймағында қоғамдық тәртіпті күзетуде

Ұлттық ұлан әскери қызметшілері СҚО-ның су басқан аймағында қоғамдық тәртіпті күзетуде, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Солтүстік Қазақстан облысының су тасқынынан зардап шеккен Тепличное және Большая Малышка ауылдарында ҚР Ішкі істер министрлігінің Ұлттық ұланының әскери қызметшілері қоғамдық тәртіпті сақтау және ұрлық-қарлықтың алдын алу жұмыстарын жалғастырып жатыр.

Күн сайын су басқан аймақта 50 әскери қызметші патрульдік қызмет атқарады. Олардың басты міндеті — қоғамдық тәртіп пен азаматтардың мүлкін сақтау.

Ұландықтар қоғамдық тәртіпті сақтау барысында жергілікті билік өкілдерімен және төтенше жағдайлар қызметкерлерімен бірлесіп жұмыс жүргізуде.

Сонымен бірге тұрғындардың қауіпті аймақтарға өтуін немесе суға түсіп кетуін болдырмау үшін сақтық шаралары қолға алынған.

Бұл жұмыстар тәулік бойы үздіксіз атқарылып, жағдай өзгерген сайын жедел әрекет етілуде.

Әскери қызметшілер бүгін де тәулік бойы қызмет атқарады. Олар азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз етіп, су басқан аумақтардағы мүлікті күзетуде.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру