СҚО-да полицейлер тұрғындарды жол ережесін сақтауға шақырады
СҚО-да полицейлер тұрғындарды жол ережесін сақтауға шақырады, — деп хабарлайды Polisia.kz.
“Балаңызды арнайы автоорындық арқылы тасымалдап келесіз бе? Дұрыс. Сонымен қатар қауіпсіздік белдігін тағуды, көлік жүргізу кезінде ұялы телефонды қолдануға болмайтынын ұмытпаңыз”, – деп кеңес береді патрульдік полиция батальонының қызметкері жүргізушіге СҚО жолында.
19 сәуірден бастап Солтүстік Қазақстан облысында “Қауіпсіз жол” жедел-профилактикалық іс-шарасы өтіп жатыр. Заманауи полицияның мақсаты – тек айыппұл салу емес, құқық бұзушылықтардың алдын алу. Алайда статистикаға сәйкес, көбінесе қозғалыс кезінде жүргізушілер телефон пайдаланады және қауіпсіздік белдігін тағуға немқұрайлы қарайды.
Полицейлер аса қауіпті құқық бұзушылықтарға ерекше назар аударуда. Олардың қатарында — мас күйде көлік жүргізу, жаяу жүргіншіге жол бермеу, көше мен жол қиылыстарынан өту ережесін бұзу сияқты өрескел бұзушылықтар бар. Мұндай әрекеттердің әрқайсысы — адам өміріне қауіп төндіретін жол-көлік оқиғасына себеп болуы мүмкін.
Іс-шараның басты мақсаты — жол қозғалысының барлық қатысушыларының тәртібін күшейту. Жол ережелерін қатаң сақтау ғана жолдардағы қауіпсіздікті қамтамасыз етеді.