Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

СҚО-да полицейлер адасып кеткен Аустрия азаматына көмектесті

СҚО-да полицейлер адасып кеткен Аустрия азаматына көмектесті, — деп хабарлайды Polisia.kz.

Петропавлда полицейлер “Динамо” стадионында ашық аспан астында түнемек болған ер адамды байқап қалды. Тексере келе, ол облыс орталығында адасып кеткен Аустриядан келген 46 жастағы саяхатшы болып шықты.

СҚО ПД көші-қон қызметі басқармасының қызметкерлері Аарон Арьяның шын мәнінде Қазақстан Республикасына заңды негізде келгеніне көз жеткізді. Ол елордаға Түркиядан ұшып келіп, Петропавлға жол-жөнекей кетіп бара жатқан көліктермен жеткен. Тәртіп сақшылары оны қонақ үйге орналастырды.

Аарон Арья — бұрынғы кеңестік республикалардың бірінің тумасы, орыс тілінде жақсы сөйлейді. Әлемді аралап, елдерге саяхаттап жүргеніне бірнеше жыл болған. Оны ауылдық жердің тыныс-тіршілігі қызықтырады екен. Қазіргі уақытта Орталық Азия елдерімен танысуды жоспарлап отыр.

Ол Қазақстанға алғаш рет келіп отыр. Полицияның көрсеткен көмегіне дән риза. Ол қайтадан жолға шығып, өзіне көмектескен полицейлерге алғысын білдірді.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру