Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Бірлік күні: Жамбыл облысы ПД-да мерекелік кездесу өтті

Жамбыл облысы полиция департаментінде Қазақстан халқының бірлігі күніне арналған "Бірлік пен қауіпсіздік – тұрақтылықтың кепілі" тақырыбында кездесу ұйымдастырылды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Шара барысында қоғамдағы бейбітшілік пен келісімді сақтау, ұлтаралық татулықты нығайту және қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету мәселелері жан-жақты талқыланды.

Қызметкерлер Қазақстан халқының бірлігі күні мерекесінің тарихи тамырларына үңіліп, оның қазіргі қоғамдағы мән-маңызына тоқталды.

— Бірлік пен татулық – еліміздің бейбіт өмірінің негізі. Қоғамдағы тәртіп пен қауіпсіздікті қамтамасыз етуде полиция қызметкерлерінің рөлі ерекше. Сондықтан әрбір полиция қызметкері ел ішіндегі тұрақтылықты сақтау жолында жоғары жауапкершілікпен қызмет етуі тиіс, – деп атап өтті ПД тәрбие және кадр жұмысы басқармасының ерекше тапсырмалар жөніндегі аға инспекторы Гүлмира Қойшыбаева.

Кездесу еркін диалог және пікір алмасу форматында өтті. Іс-шарада көрермендерге аталмыш мерекенің шығу тарихы туралы арнайы танымдық бейнеролик ұсынылды.

Қатысушылар елдегі этносаралық ынтымақтастықты сақтау, діни төзімділік пен мәдени алуандықты құрметтеу жайында өз пікірлерін ортаға салды. Сонымен қатар ішкі істер органдарының бұл бағыттағы маңызды міндеттері де атап өтілді.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру