Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Шымкентте ІІО ардагерлері мен полицейлердің арасында шағын футболдан жарыс өтті

Шымкентте ІІО ардагерлері мен полицейлердің арасында шағын футболдан жарыс өтті, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Ұлы Жеңістің 80 жылдығына орай Шымкент қаласы полиция департаментінің қызметкерлері мен ІІО ардагерлерінің қатысуымен шағын футболдан жарыс өтті. “Динамо” стадионында өткен іс-шарада жас сақшы кадет сыныптары арасында шағын футболдан жарыс ұйымдастырылды.

Жақсы дайындықпен келген командалар жасыл алаңда өз шеберліктерін байқатты. Ойын басталмас бұрын командалар сапқа тұрып, жеребе тарту рәсімін бастады. Сайысқа қатысушылар арасында барлық сақтық шарасы қатаң сақталған.

Жарыстың қорытындысы бойынша I орынды ІІО ардагерлері иеленсе, II орынды
патрульді полк қызметкерлері алды, III орынды Тұран АПБ командасы місе тұтты.

Жас сақшы кадет сыныптары арасында 1-орынды “Жас Динамо-Олимпик”, 2-орынды С.Рахымов атындағы әскери колледж, 3-орынды №90 дарынды балаларға арналған мамандандырылған мектеп гимназиясының оқушылары алды.

Мерекелік іс-шара барысында ату жарысынан да сайыс өтті. Онда 1-орынды жылдам қимылдайтын арнайы жасақ, 2-орынды Тұран АПБ, 3-орынды Еңбекші АПБ иеленді.
Жарыс соңында жеңімпаздарды марапаттап, бағалы сыйлықтар табыс етілді.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру