Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Талдықорғанда Жеңістің 80 жылдығына арналған тағылымды концерт өтті

Талдықорғанда Жеңістің 80 жылдығына арналған тағылымды концерт өтті, - деп хабарлайды Polisia.kz.

Талдықорған қаласындағы Ардагерлер саябағында Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 80 жылдығына орай мазмұнды мерекелік концерт ұйымдастырылды. Шараны облыстық полиция департаменті мен "Жас сақшы" кадеттері бірлесіп өткізді.

Салтанатты жиынға қала тұрғындары, соғыс және еңбек ардагерлері, жастар мен қонақтар қатысты. Саябақ алаңында орнаған атмосфера — ерлікке тағзым мен елге деген сүйіспеншіліктің көрінісі болды. Полиция қызметкерлері мен Ұлттық ұлан сарбаздары, сондай-ақ кадеттер ұсынған концерттік бағдарлама көрермендердің жүрегін тербеді. Майдан әндерінің әуенімен шырқалған әсерлі вальстер мен көркем сахналық қойылымдар салтанатты кешке ерекше сән берді.

Концерттің шымылдығын Ұлттық ұлан оркестрінің салтанатты маршы ашты. Кәсіби деңгейде орындалған музыкалық композициялар мен тікелей сүйемелдеу барысында көрсетілген өнер туындылары көрермендерге рухани әсер сыйлады.

Мерекелік кеш — Жеңістің тарихи маңызын ұлықтап, бейбіт өмірдің қадірін ұғындыруға бағытталған тағылымды шара болды. Бұл – ұрпақтар сабақтастығының, патриоттық тәрбиенің және Отанға деген махаббаттың жарқын үлгісі.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру