Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Астанада полиция департаменті басшылығының қатысуымен жедел қызметтер үшін кеңес өткізілді

Астана қаласы полиция департаменті бастығының бірінші орынбасары Қуаныш Орынбетов жедел қызметтердің жеке құрамына кеңес өткізді, — деп хабарлайды Polisia.kz.

Іс-шараның мақсаты – “Заң және Тәртіп” тұжырымдамасын іске асыру аясында қызметтік әрекеттің негізгі бағыттары бойынша өзекті ақпаратты қызметкерлерге жеткізу болды.

Кездесу барысында Қуаныш Орынбетов тұжырымдаманың мақсаттары мен негізгі қағидаттары туралы егжей-тегжейлі айтып берді. Бұл тұжырымдама қоғамдық тәртіпті нығайтуға, халық сенімінің деңгейін арттыруға және құқық бұзушылықтарға тиімді ден қоюды қамтамасыз етуге бағытталған.

Әсіресе, қызметтік және атқарушылық тәртіпті сақтау, интернет-алаяқтыққа қарсы іс-қимыл және есірткі айналымының заңсыздығымен күрес шараларына ерекше көңіл бөлінді.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру