Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Алматы облысында патрульдік полицей жанармай бекетіндегі жарылыстың алдын алды

Алматы облысында полиция қызметкері жанармай бекетіндегі жарылыстың алдын алды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Алматы облысында патрульдік полиция қызметкері батылдық пен сабырлық танытып, жанармай бекетінде жарылыстың алдын алды.

Оқиға 10 мамыр күні Ұзынағаш ауылында болды. Қызметтік аумағын бақылау кезінде патрульдік полиция инспекторы Мирас Тастанды жанармай құю бекетінде тұрған ГАЗель көлігінің отқа оранғанын байқады. Жағдайдың ауыр екенін және жарылыс қауіпін түсінген полицей сол жердегі екі азаматпен бірге отты сөндіруге дереу кіріскен. Олардың жедел әрі үйлесімді әрекетінің арқасында өрт дер кезінде тоқтатылды.

Айта кету керек, егер ешкім әрекет етпегенде, жалын жанармай сақталған резервуарларға жетіп, ауыр зардаптарға соқтыруы мүмкін еді.

– Инспектордың батыл шешімі мен азаматтардың жауапкершілігі арқасында қайғылы жағдайдың жолы кесілді. Мұндай оқиғалар полиция қызметкері – жай ғана форма киген адам емес, қоғам қауіпсіздігі үшін әрқашан дайын тұрған тұлға екенін дәлелдейді. Біз қызметкерлерімізбен мақтанамыз және сын сағатта бейжай қалмаған әр азаматқа алғысымызды білдіреміз, – деп атап өтті ведомствода.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру