Елордада алаяқтыққа қатысы бар күдікті ұсталды
Елордада алаяқтыққа қатысы бар күдікті ұсталды, — деп хабарлайды Polisia.kz.
34 жастағы қала тұрғыны достарының бизнесін алға жылжыту үшін ақша салуға шақырып, бұл ретте “кәсіпкер” болашақ инвесторларға тиімді бизнес жоспарын ұсынған. Осылайша, Астана тұрғыны полицияға хабарласып, танысына сеніп, оған ақша қаражатын айналдыру мақсатында 2,5 млн теңге бергенін айтқан. Ол кейіннен жоғары пайда ала отырып, қаражатты тағы да “инвестициялауды” ұсынған. Бірақ жәбірленуші жоғары төлемдерді күтпестен бірден құзырлы органға жүгінген.
Жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында Алматы ауданы ПБ криминалдық полиция қызметкерлері алаяқтық дерегіне қатысы бар әйелді анықтады. Аталған факті бойынша күдіктіге қатысты Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 190-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.
Қазіргі уақытта қылмыстық іске қатысы бар әйел қылмысты жасағанын мойындады. Оның бұрын жасалған осындай фактілерге қатысы бар жоғы тексерілуде.