Алматыда шетелдіктердің заңсыз еңбек қызметі тоқтатылды
Алматыда шетелдіктердің заңсыз еңбек қызметі тоқтатылды, — деп хабарлайды Polisia.kz.
Алматы қаласы Түрксіб аудандық полиция басқармасы көші-қон қызметінің қызметкерлері көші-қон заңнамасын бұзуды тоқтатуға бағытталған рейдтер барысында заңсыз жұмыс істеп жүрген 15 шетел азаматын анықтады.
Тексеру көрсеткендей, шетелдіктерді жөндеу жұмыстарын жүргізу үшін жеке компания жалдаған.
Көші-қон режимін бұзушылардың барлығы ПД-ның қабылдап-таратуына орналастырылды. Қазіргі таңда полиция қызметкерлері шетелдік жұмыс күшін заңсыз пайдалануды ұйымдастырған жұмыс берушілерді анықтап, әкімшілік жауапкершілікке тарту жұмыстарын жалғастыруда.
— Біздің басты міндетіміз - заң талаптарының сақталуын қамтамасыз ету. Шетелдік жұмыс күшін заңсыз пайдалану заңды бұзып қана қоймай, қауіп төндіреді. Рейдтік шаралар тұрақты түрде жалғасатын болады, - деді, Түрксіб аудандық полиция басқармасының бастығы Думан Аухадиев.