Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Ақтөбе облысында тасжолдарға кешенді тексеру жүргізілді

Ақтөбе облысында автожолдарға кешенді тексеру жүргізілді, — деп хабарлайды Polisia.kz.

Ақтөбе облысы полиция департаментінің Әкімшілік полиция басқармасы қызметкерлері “КАС Сервис” ЖШС және "КазАвтоЖол" Ақтөбе облыстық филиалының мамандарымен бірлесіп, аудан аумағынан өтетін республикалық және облыстық маңызы бар автокөлік жолдарына көктемгі кешенді тексеру жұмыстарын жүргізді.

Тексеру барысында жолдардың техникалық жай-күйіне ерекше назар аударылды. Анықталған негізгі ақаулар қатарына жол жамылғысындағы шұңқырлар, өшкен немесе мүлдем жоқ жол таңбалары, зақымданған жол белгілері, сондай-ақ су өткізгіш құбырлар мен көпірлердің апатты жағдайлары кірді.

Тексеру қорытындысы бойынша бірқатар лауазымды және заңды тұлғалар әкімшілік жауапкершілікке тартылып, ақауларды жою мақсатында тиісті мекемелерге нұсқамалар берілді.

Жалпы, жыл басынан бері облыс аумағында автожолдарға 893 тексеру жүргізіліп, 841 нұсқама берілді. Сонымен қатар 57 лауазымды және заңды тұлға жолдарды күтіп-ұстау талаптарын орындамағаны үшін жауапкершілікке тартылды.

Полиция департаменті жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету – ортақ міндет екенін еске салады және жауапты мекемелерді жолдарды уақытылы қалпына келтіруге шақырады.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру