Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Қостанай облысында есептегі 130 сотталғанға электрондық бақылау құралы тағылған

Қостанай облысында есептегі 130 сотталғанға электрондық бақылау құралы тағылған, — деп хабарлайды Polisia.kz.

Қостанай облысы бойынша қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің аумақтық пробация қызметтері 130 электрондық бақылау құралдарын қолданады. Жыл басынан бері білезіктердің көмегімен жазаны өтеу тәртібі мен шарттарын бұзудың 108-і анықталды, нәтижесінде 29 сотталған бас бостандығынан айыруға ауыстырылды және олар бас бостандығынан айыру орындарына жіберілді.

Білезікті қолданған кезде сотталған адамға міндетті түрде жабдықтың бүлінгені үшін жауапкершілік түсіндіріледі, электрондық бақылау құралын пайдалану ерекшеліктері егжей-тегжейлі сипатталады, сондай-ақ пайдалану жөніндегі жадынама табыс етіледі. Білезіктің бүліну фактісі анықталған жағдайда, департамент залалды өтеу үшін материалдарды заңда белгіленген тәртіппен сотқа жібереді.

Бұл бақылау әдісін қолдану пробация қызметі қызметкерлерінің сотталғандармен тікелей байланысын айтарлықтай төмендетуге мүмкіндік беріп қана қоймай, сыбайлас жемқорлық қылмыстарының тәуекелдерін барынша азайтады, сонымен қатар рецидивтердің алдын алуда оң динамиканы көрсетеді. ЭСҚ қолданылатын адамдар арасында соңғы 4 айда қайталама қылмыстық құқық бұзушылықтар жасалған бірде-бір жағдай тіркелмегенін ерекше атап өткен жөн.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру