Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Қарағандыда полицейлер жүкті әйелді шұғыл ауруханаға жеткізді

Қарағанды облысының полицейлері азаматтық жауапкершілік пен жедел әрекеттің үлгісін көрсетіп, жергілікті тұрғындар мен медициналық қызметкерлер тарапынан шынайы алғысқа ие болды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Қарағанды қалалық патрульдік полиция полкінің қызметкерлері Нұрбек Нұркенов пен Темірлан Қоянбаев кезекшілік кезінде толғағы келген әйелді медициналық мекемеге шұғыл жеткізді. Полицейлердің үйлесімді әрі шапшаң әрекетінің арқасында жүкті әйел 25 минут ішінде сәбилі болды. Асылым есімді нәресте жарық дүниеге келіп. Жаңа туған сәбидің анасы шұғыл көмек көрсеткен тәртіп сақшыларына шын жүректен алғысын білдірді.

Екінші жағдайда патрульдік полиция қызметкерлері Айбек Смағұлов пен Арғын Ерланұлы дереу әрекет етіп, жүрек талмасына ұшыраған науқасқа жетуге асыққан жедел жәрдем фельдшерін уақытылы мекенжайға жеткізді.

https://studio.youtube.com/video/s9M8Go-TGz8/edit

- Полицейлердің жедел көмегімен біз науқасты Қарқаралыдан санитарлық авиация арқылы облыс орталығына жеткізе алдық. Әр минут маңызды болды. Осындай кәсіби және жанашыр қызметкерлер үшін алғыс айтамын, - деді фельдшер Ольга.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру