Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Полицейлер Екібастұз тұрғынының ұрланған велосипедін тауып, қайтарып берді

Полицейлер Екібастұз тұрғынының ұрланған велосипедін тауып, қайтарып берді, - деп хабарлайды Polisia.kz.

Екібастұз қаласында ұрланған велосипед иесіне қайтарылды. Бұл құқық бұзушылық бейнебақылау камераларының көмегімен ашылды. Жазбаларды зерделеген тәртіп сақшылары велосипедті алып кеткен ер адамды анықтады. Жарты сағаттың ішінде қалалық полиция басқармасының патрульдік полиция ротасының қызметкерлері ұрланған көліктің орналасқан жерін тауып, күдіктіні велосипедімен бірге полиция бөліміне жеткізді.

Ұсталған 47 жастағы азамат түнгі уақытта Мәншүк Мәметова көшесіндегі үйлердің бірінің подъезі жанынан еш кедергісіз BMW велосипедін ұрлаған. Залал сомасы 50 мың теңгені құрады. Күдікті өз қылмысын мойындады. Ұрланған мүлік иесіне қайтарылды. Аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалды, тергеу амалдары жүргізілуде.

Полиция қызметкерлері аймақ тұрғындарын мүлікті сақтау бойынша сақтық шараларын ескеруге шақырады. Велосипед, скутер, мопед сынды екі дөңгелекті көліктерді қараусыз қалдырмау қажет, тіпті қысқа уақытқа кетсеңіз де. Мұндай көліктерді бейнебақылау камераларының көру аймағында қалдырған жөн. Велосипедті қоршауға немесе тұрақты құрылымға байламас бұрын, оның беріктігіне және сенімділігіне көз жеткізіңіз.

Сондай-ақ көлік құралын сатып алғаннан кейін барлық құжаттарды сақтап қойған дұрыс. Бұл құжаттарда велосипедтің немесе скутердің нөмірлік белгілері, суреті және өзге де сәйкестендіру деректері болуы мүмкін. Қажет болса, көлік құралының толық фотосын түсіріп алыңыз. Ерекше белгілерін – стандартқа сай емес бөлшектерін, орнатылған аксессуарларын, сызаттарын және жапсырмаларын есте сақтаңыз. Бұл мәліметтер велосипедті сипаттап, меншік құқығын дәлелдеуде маңызды рөл атқарады.

"Заң және тәртіп" қағидаты – азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге және қоғамдық тәртіпті сақтауға бағытталған ішкі істер органдары қызметінің басты негізі болып қала береді. Құқық бұзушылар өз әрекеттері үшін міндетті түрде жауап береді.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру