Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Павлодарда полицейлер велосипед пен самокат міну ережелерін түсіндірді

Павлодарда полицейлер велосипед пен самокат міну ережелерін түсіндірді, - деп хабарлайды Polisia.kz.

Аққулы ауданында полицейлер мен білім бөлімі өкілдері оқушыларға арналған профилактикалық іс-шара ұйымдастырды. Шараның басты мақсаты – балаларға велосипед және самокат тебу кезіндегі қауіпсіздік ережелерін түсіндіру.

Велосипед пен самокат – балалар үшін тек көңілді уақыт өткізу құралы ғана емес, сонымен қатар олардың денсаулығына пайдалы көлік түрі. Алайда жолда өзін дұрыс ұстау – жарақаттың алдын алудың басты кепілі.

Іс-шара барысында оқушыларға қауіпсіз қозғалыс маршруттарын дұрыс таңдау, жол ережелерін сақтау, міндетті түрде қорғаныс құралдарын (шлем, шынтақ және тізе қорғағыштар) пайдалану, ересектердің бақылауынсыз жолға шықпау және көшеде аса мұқият болу қажеттілігі түсіндірілді.

Полицейлер балаларға жолда жүру ережелері мен қауіпсіздік шараларын нақты мысалдармен жеткізіп, олардың әрқайсысының өмірі мен денсаулығы бірінші орында екенін атап өтті.

Мұндай шаралар балалардың жолда өзін қауіпсіз ұстауына және жауапкершілік сезімін арттыруға ықпал етеді. Өйткені әрбір бала – біздің болашағымыз.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру