Ұлытау облысында кішкентай бүлдіршіндер марапатталды
Ұлытау облысы полиция департаментінде "Полиция балалар көзімен" атты сурет байқауының қорытындысы шығарылып, жеңімпаздар марапатталды, — деп хабарлайды Polisia.kz.
Байқауға қатысқан жас суретшілер және олардың ата-аналары арнайы шақырылып, құрметті қонақ болды.
Іс-шара барысында пблыстық ПД тәрбие және кадр жұмысы басқармасының бастығы Алдияр Әбішев балалардың ата-аналарына белсенділік танытып, балаларының шығармашылық қабілеттерін дамытуға қолдау көрсеткендері үшін ерекше алғыс білдірді.
"Полиция балалар көзімен" сурет байқауы балаларға өздерінің полиция туралы ойларын, армандарын және көзқарастарын өнер арқылы жеткізуге мүмкіндік берді. Байқауға ұсынылған жұмыстардың барлығы ерекше шығармашылықпен және терең мағынамен ерекшеленді.
Марапаттау рәсімінде үздік деп танылған жас суретшілерге алғыс хаттар мен бағалы сыйлықтар табысталды.