Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

ІІМ-де "Қарасора - 2025" жедел-алдын алу іс-шарасын бастау бойынша кеңес өтті

Ішкі істер министрлігінде жыл сайын өткізілетін "Қарасора - 2025" жедел-алдын алу іс-шарасының басталуына арналған кеңес өтті, - деп хабарлайды Polisia.kz.

Кеңес жұмысына Ішкі істер министрінің бірінші орынбасары Бауыржан Әленов, сондай-ақ ІІМ-нің комитеттері мен департаменттерінің, Ұлттық ұланның және аумақтық полиция бөліністерінің басшылығы қатысты. Сонымен қатар жиынға Қорғаныс министрлігінің, отандық IT-компаниялардың және Есірткі құқық бұзушылығының алдын алу жөніндегі кеңестің өкілдері қатысты.

Бұл іс-шара жыл сайын 1 маусым мен 31 қазан аралығында өткізіледі. Ол есірткі қылмыстарының, әсіресе есірткі құралдарын заңсыз тарату, өндіру және құрамында есірткі бар өсімдіктерді өсіру әрекеттерінің жолын кесуге бағытталған.

Іс-шараға ІІМ-нің арнайы бөліністері мен әскери қызметшілер, тікұшақтар, өтімділігі жоғары автокөліктер, қызметтік-іздестіру иттері және заманауи техникалық құралдар тартылады.

Биыл алғаш рет "Қарасора - 2025" іс-шарасы аясында құрамында есірткі бар өсімдіктердің шалғай жерлердегі ошақтарын анықтау үшін ұшқышсыз ұшу аппараттары мен ғарыштық мониторинг түсірілімдері белсенді қолданылады.

Кеңес барысында Қорғаныс министрлігімен, әкімдіктермен және салалық құрылымдармен өзара іс-қимыл жасау міндеттері егжей-тегжейлі талқыланды. Бұл органдар қойылған міндеттерді орындауда қолдау көрсететін болады.

Ішкі істер министрлігі барлық мүдделі құрылымдардың үйлесімді іс-әрекеттері есірткінің заңсыз айналымымен күрестің тиімділігін арттырып, азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз етеді деп сенеді.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру