Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Павлодарда оқушылармен ақпараттық кездесу өтті

Павлодарда оқушылармен ақпараттық кездесу өтті, - деп хабарлайды Polisia.kz.

Есірткіге қарсы айлық аясында Павлодарда бейінді бағыттағы мектеп оқушыларына арналған ақпараттық-ағартушылық кездесу өтті. Іс-шараның негізгі мақсаты – жастар арасында есірткіге қарсы иммунитет қалыптастыру, зиянды заттардың салдарын түсіндіру және салауатты өмір салтын насихаттау.

Кездесуге спикер ретінде Павлодар облыстық психикалық денсаулық орталығы мен медициналық-психологиялық көмек қызметінің психологы Анна Куликова және облыстық полиция департаментінің есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасы бөлімінің басшысы Ирина Тимиргалиева қатысты.

Сарапшылар жасөспірімдерге есірткінің психологиялық және әлеуметтік зардаптары, тәуелділіктің белгілері мен даму кезеңдері туралы жан-жақты мәлімет беріп, зиянды әдеттерден аулақ болудың жолдарын түсіндірді. Сонымен қатар есірткіге қатысты құқық бұзушылықтар үшін заңмен көзделген жауапкершілік туралы да айтылды.

Мамандар оқушылардың сұрақтарына жауап беріп, қажет болған жағдайда дер кезінде көмек сұраудың маңыздылығын ерекше атап өтті. Шара соңында қатысушылар ақпараттық жадынамалармен қамтылды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру