Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Қызылордада полицейлер жоғалған жасөспірімдерді іздеп тапты

Қызылордада полицейлер жоғалған жасөспірімдерді іздеп тапты, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Қала тұрғыны үй ауласында ойнап жүрген балаларын таппай, полицияға арызданды. Хабарлама бойынша Қызылорда қалалық полиция басқармасының жеке құрамына бағыт-бағдар беріліп, іздестіру жұмыстары жүргізілді. Полицейлер жедел-іздестіру шараларының нәтижесінде жоғалған жасөспірімдерді қала ішінен тауып, ата-анасына аман-есен тапсырды.

Анықталғандай, жасөспірімдер ойынға беріліп, үйінен ұзап кеткен.

Қала тұрғыны жедел әрекет еткен полиция қызметкерлеріне алғысын білдіріп, жұмыстарына сәттілік тіледі.

- Хабарлама алған бойда полицейлер дереу іздестіру жұмыстарына кірісті. Балаларымды тауып берген қызметкерлерге шын жүректен алғысымды білдіремін, - дейді жасөспірімдердің анасы.

Полиция тұрғындардан балаларды назардан тыс қалдырмауды, оларды әрқашан бақылауды сұрайды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру