Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Қызылордада жас полицейлер сала ардагерлерімен кездесті

Қызылордада жас полицейлер сала ардагерлерімен кездесті, — деп хабарлайды Polisia.kz.

Қазақстан полициясы күніне орай “Менің тәлімгерім - менің мақтанышым” атты мерекелік іс-шаралар аясында жас қызметкерлер тәлімгерлер кеңесінің мүшелері, ардагер ағалармен кездесті.

Кездесуге Қызылорда қалалық полиция басқармасының жаңадан тағайындалған қызметкерлері қатысты.

Қай мамандық болсын, жастарға тәлімгерлердің беретін тәжірибесі өте қажет. Тәлімгер шәкіртіне қатаң талап қоя білгенде ғана одан мықты маман шығады. Жас мамандар алған білімдерін іс-тәжірибедегі біліктілігімен ұштастыра білгенде ғана өз мамандығында кездескен мәселелер мен қиындықтарды жеңеді.

Тәлімгерлер – жас мамандарға дұрыс жол көрсетіп, құқық қорғау қызметінің сан қырлы жақтарымен таныстырып, өз міндетін абыроймен атқару, азаматтармен мәдениетті қарым-қатынас жасау, өзінің жұмысын құрметтеу, елін, Отанын қорғау, оның қауіпсіздігін, тыныштығын сақтау және полицияның атына кір келтірмеу секілді міндеттерді жете түсінуге ықпал етуі қажет.

Кездесу соңында жас қызметкерлерге қызметтік куәліктері салтанатты түрде табысталды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру