Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Алматы облысы полиция департаментінде кезекті азаматтарды қабылдау шарасы өтті

Алматы облысы полиция департаментінде кезекті азаматтарды қабылдау шарасы өтті, - деп хабарлайды Polisia.kz.

Алматы облысы полиция департаментінің басшылығы кезекті рет тұрғындарды қабылдап, олардың мәселелерін шешуге бағытталған маңызды шара өткізді. Қабылдау жүзбе-жүз және онлайн форматта ұйымдастырылып, қала мен шалғай аймақтардың тұрғындары өз өтініштері мен сұрақтарын жеткізді.

Кездесу барысында қылмыстық істерді тергеу және тергеу бөлімшелерінің жұмысына қатысты өзекті мәселелер қаралды. Әр өтінішке нақты тапсырмалар беріліп, олардың орындалуы департамент басшылығының қатаң бақылауында екені айтылды.

Қабылдауға арнайы келген азаматтар полиция қызметіне алғыстарын білдіріп, мұндай қолдаудың қызметкерлер үшін зор мәнге ие екенін атап өтті. Бұл – халықтың құқық қорғау органдарына деген сенімі мен оң бағасының айқын көрінісі.

– Ашықтық, шынайылық және халықпен кері байланыс – біздің басты қағидаттарымыз. Біз тек тыңдап қоймай, туындаған мәселелерді бірлесіп шешуге бар күшімізді саламыз. Полицияның есігі әрқашан ашық, – деді облыстық полиция департаментінің бастығы Мейрам Әбікеев.

Азаматтарды қабылдау шаралары тұрақты түрде өткізіліп, құқықтық тәртіпті нығайту және қоғаммен сенімді қарым-қатынасты дамытудағы маңызды құрал болып табылады.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру