Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Ақмола облысында полиция 87 мүмкіндігі шектеулі азаматқа құжат рәсімдеуге көмектесті

Ақмола облысында полиция 87 мүмкіндігі шектеулі азаматқа құжат рәсімдеуге көмектесті, - деп хабарлайды Polisia.kz.

2025 жылдың басынан бері Ақмола облысының көші-қон қызметі 87 мүмкіндігі шектеулі азаматқа жеке басын куәландыратын құжаттарды рәсімдеуге көмек көрсетті. Бұл жұмыс мемлекеттік қызметтердің барлық санаттағы халыққа қолжетімділігін қамтамасыз ету жөніндегі мемлекеттік саясат аясында жүргізілуде.

Әсіресе, егде жастағы және қозғалыс мүмкіндігі шектеулі адамдарға ерекше көңіл бөлінеді. Мәселен, осындай азаматтардың бірі — Ұлы Отан соғысы жылдарындағы тыл еңбеккері, 89 жастағы Көкшетау қаласының тұрғыны Раиса Пузач. Өздігінен жүріп-тұра алмайтын зейнеткерге көші-қон полициясының қызметкерлері үйіне барып, барлық қажетті жағдайды жасап, құжаттарын рәсімдеп берді. Раиса Михайловна полицейлерге ықыласты және қамқор көзқарастары үшін алғысын білдірді.

Аймақта қозғалыс мүмкіндігі шектеулі азаматтарға үйге барып қызмет көрсету — жүйелі тәжірибеге айналды. Көші-қон қызметінің өкілдері бұл бағыттағы жұмыстың жалғасатынын атап өтті. Бұл — әрбір азаматтың жасына немесе денсаулық жағдайына қарамастан, қажетті құжаттарын уақытылы алуына мүмкіндік беру мақсатында жасалып жатқан іс.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру