Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Маңғыстау облысында 80-нен астам азамат құжат алды

Маңғыстау облысында көші-қон қызметі басқармасының мамандары халыққа қызмет көрсету орталығының өкілдерімен бірлесе отырып, құжаттандырудың мобильді форматын жалғастырып келеді, - деп хабарлайды Polisia.kz.

Басты мақсат — денсаулығына немесе жасының ұлғайғанына байланысты ХҚКО-ға өздігінен бара алмайтын азаматтарға – қарттар мен мүмкіндігі шектеулі жандарға барынша қолдау көрсету.

Мамандардың тұрғындардың үйлеріне барып қызмет көрсетуі – мемлекеттік қызметтердің баршаға қолжетімді болуын қамтамасыз ететін маңызды қадам. Жыл басынан бері осындай жолмен 80-нен астам адам жеке куәлікпен қамтамасыз етілді. 2024 жыл ішінде бұл мүмкіндікті 170-тен астам азамат пайдаланған.

Мұндай қамқорлық азаматтардың өмір сапасын арттырумен қатар, әлеуметтік әділеттілікті де қамтамасыз етеді.

Құжаттандырудың бұл түрі алдағы уақытта да жалғасын тауып, ерекше мұқтаж жандарға бағытталған көмектің нақты көрінісі болмақ.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру