Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Жаңаөзенде полицейлер 13 бекіре тұқымдас балықты тәркіледі

Жаңаөзенде полицейлер 13 бекіре тұқымдас балықты тәркіледі, - деп хабарлайды Polisia.kz.

23 қыркүйекте Жаңаөзен қаласында полиция қызметкерлері жедел ақпаратты тексеру барысында бекіре тұқымдас балықтарды заңсыз сақтау және айналымға шығару дерегін анықтады.

Қаладағы ойын-сауық орындарының бірінің маңында полицейлер Toyota Camry автокөлігін тоқтатты. Көлікті тінту барысында салоннан 2 бекіре тұқымдас балық табылып, тәркіленді.

Одан әрі полиция қызметкерлері аталған азаматтың тұрғылықты мекенжайында тінту жүргізді. Үй ауласындағы мұздатқыштардан тағы 11 бекіре тұқымдас балық табылып, тәркіленді.

Осылайша, жүргізілген іс-шаралар нәтижесінде полиция қызметкерлері барлығы 13 бекіре тұқымдас балықты тәркіледі.

Аталған деректер бойынша ҚР ҚК-нің 339-бабының 1-бөлігімен қылмыстық істер қозғалды.

Барлық қатысушылар анықталып, полицияға жеткізілді. Тәркіленген балықтардың шығу тегі және оқиғаның барлық мән-жайы анықталуда. Тергеу жалғасуда.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру